«Шығыс Салбұрыны-2023» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты, Бозанбай ауылында ұлттық спорт түрі құсбегіліктен өткен «Шығыс Салбұрыны-2023» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Тіркеуден 4 мемлекеттен 100-ден астам спортшы өткен еді. Бүркіт, қаршыға, ителгі, құмай тазыдан өтетін турнир 3 күнге жалғасты.

Бүркіт құсы бойынша:
1 орын – Сейітжан Алмас-Алматы облысы
2 орын – Жалғасұлы Серікболсын-Жамбыл облысы
3 орын – Болат Нұрдос-Жамбыл облысы
4 орын – Жұмағұл Ерсұлтан-ШҚО
5 орын – Кодеков Мұрат-Алматы облысы.

Қаршыға құсы бойынша:
1 орын – Ғалым Самғат-ШҚО
2 орын – Байетбай Ермұхан-ШҚО
3 орын – Сейітжан Аян-Алматы облысы.

Ителгі құсы бойынша:
1 орын – Сандыбай Ерлан-Түркістан облысы
2 орын – Төлегенұлы Темірәлі-Қарағанды облысы
3 – орын Күнтуған Серікбек-Астана қаласы.

3 күнге созылған турнирде 16 киіз үй тігіліп, 1000-ға жуық көрермен келді, 100-ден астам қатысушы болды. Шығыстың төрінде, Алтай тауының бөктерінде, «Бүркіт төбе» жотасында өткен турнир дәстүрлі түрде өтпек!

Айта кетейік, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, сонымен бірге ҚР Спорт және туризм министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, Ат спорты түрлері орталығы және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.