Қазақстанда дайын өндірістік үй-жайларды салу үшін жеңілдетілген несие беруді көздейтін «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасы іске қосылып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы баяндама жасады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, жаңа жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде өндіріс орындары салынбақ. Онда тек өңдеуші өнеркәсіп салаларына қатысты ШОБ өкілдері ғана орналастырылатын болады. Министр өз сөзінде әкімдіктер өңірлерде жаңа жобаны іске қосу үдерісін жеделдету қажет екенін айтты.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі елдің жалпы ішкі өнімінде 13,4%-ды құрап, сауда мен тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішке қол жеткізді. Сала өндірісінің оң динамикасы байқалады. Өткен жылы өндірілген өнімнің көлемі 21 трлн теңгені құрап, бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есеге артты. Салада 600 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ететін 20 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары бюджетке 2,7 трлн теңге салық төледі. Индустрияландыру саясаты өзектендірілген Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылады. Тұжырымдамаға сәйкес жыл сайынғы нысаналы индикаторлар бекітілген. Бүгінгі таңда нысаналы индикаторлардың орындалуы келесідей:
Бірінші. «Өндіріс көлемінің өсуі» индикаторы 103,1%-ды құрайды, жоспар бойынша – 104,4%.
Екінші. «Жалпы қосылған құн» индикаторы 8 трлн теңгені құрайды, жоспар бойынша –15,7 трлн теңге.
Үшінші. «Еңбек өнімділігі» индикаторы бір адамға $22 мыңды құрайды, жоспар бойынша – $52 мың.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 8 ай ішінде 14 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға өсті. Салалар бөлінісінде тұрақты өсім 28% көрсеткішімен машина жасау саласында байқалады, бұл автокөлік құралдары, машиналар мен жабдықтар және электр жабдықтарын шығару есебінен мүмкін болды. Жеңіл өнеркәсібінде тоқыма бұйымдары өндірісінің өсуі есебінен өсім 19,8%-ды құрады. Химия өнеркәсібінде өсім аммофос өндірісінің өсуі есебінен 3,1%-ды құрады. Металлургия саласында 4,3%-ға жуық төмендеу байқалады. Бұған металлургия зауыттарындағы негізгі пештерді жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер етті. Алайда индикатордың динамикасы қалпына келуде.
«Жолдау аясында Мемлекет басшысы өнеркәсіптің берік іргесін қалыптастыру бойынша маңызды міндеттерді алға қойды. Аталған міндеттер өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеуді тереңдету және кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, базалық инфрақұрылымды қалыптастыру, ірі және стратегиялық, инвестициялық жобаларды іске асыру және нарықты жеңілдетілген қаржыландыру шеңберінде орындалатын болады», — деді Қанат Шарлапаев.
Бірінші. Шикізатпен қамтамасыз ету шеңберінде Министрлік ішкі қайта өңдеушілерге сұраныстарына сәйкес қолжетімді ету тетігін іске қосу үшін бірқатар жұмыс атқарды. Алюминий, мыс және қорғасын бағасы ішкі өңдеушілерге төмендетілді, алюминийі мен мыс (LME) 5%-ға, қорғасын шамамен 2%-ға арзан. Шикізат ішкі қайта өңдеушілерге ерікті үшжақты келісімдер негізінде беріледі. Бүгінгі күні осындай 25 келісімге қол қойылды. Нәтижесінде осы жылдың 8 айында базалық металдарды ішкі өңдеудің өсімі байқалады. Мәселен, алюминий саласында өсім 34%-ды құрайды, мыс саласында ішкі өңдеу 6%-ға, қорғасын саласында 10%-ға өсті. Министрлік өңдеу өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етуге қатысты талаптарды күшейтуді пысықтап жатыр.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберіндегі реттеуші және фискалдық шараларды енгізу пысықталуда. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 14 арнайы экономикалық және 35 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бұл алаңдар жер учаскесі және дайын инфрақұрылым есебінен жобаларды жедел пайдалануға ұсынуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, арнайы экономикалық аймақтарда салықтық және кедендік жеңілдіктер қолданылады. Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақтарда 2,8 трлн теңге сомасына 325 жоба іске асырылды. Индустриялық аймақтардың аумағында шамамен 900 млрд теңге сомаға 226 жоба іске қосылды. Бұдан басқа, қосымша 346 жоба іске асыру сатысында. Сондай-ақ, Министрлік «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізуде. Жоба дайын өндірістік үй-жайларды салу үшін жеңілдетілген несие беруді көздейді. Аталған құрылыстар еліміздің барлық өңірлерінде салынатын болады, онда тек өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілері ғана орналасатын болады. Өңірлердің әкімдіктеріне «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасын іске қосу үдерісін жеделдету қажет. Өткен және осы жылы Бәйтерек холдингінің даму институттарының (ҚДБ, ӨДҚ, QIC) портфелі алты жүз жиырма 620 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайтылды, ол тартылған коммерциялық қаражатты да қамтиды. Қаржыландырудың негізгі үлесі Өнеркәсіпті дамыту қорына тиесілі. Инвестициялық жобалар кредиттеу және лизинг сияқты құралдарды пайдалана алады. Осы қаражат шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту және шағын өнеркәсіптік аймақтарды салу бағыттары да айқындалған. Ірі инвестициялық жобаларды ынталандыру үшін Қазақстанның Даму Банкінің құралдары жұмыс істейді. Бұдан басқа, өткен жылдың желтоқсан айында айналым қаражатын қаржыландыру үшін тағы 50 млрд теңге бөлінді. Биыл жобаларды үлестік және мезониндік қаржыландыру үшін Qazaqstan Investment Corporation портфелі 35 млрд теңгеге ұлғайтылды.
«Жоғарыда аталған барлық бағдарламалар игерудің белсенді кезеңінде және 3%-дан 11%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша қол жетімді», — деді Қ.Шарлапаев.
Биыл 12,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 1 трлн теңгеге 170 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалардың басым бөлігі құрылыс индустриясында (137,1 млрд теңге сомасына 44 жоба), тамақ өнеркәсібінде (241,2 млрд теңге сомасына 42 жоба) және машина жасауда (223 млрд теңге сомасына 32 жоба) іске асырылады. 170 жобаның 64 жобасы іске асырылды. Инвестиция көлемі – 233 млрд теңгеден астам, шамамен 3,7 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Қарағанды облысында өнімділігі жылына 1 млн-нан астам тұрмыстық техника өндірісін («Silk Road Electronics» ЖШС) іске қосу жоспарлануда. Зауытта ARTEL брендімен теледидарлар, су жылытқыштары, шаңсорғыштар, шағын пештер, кір жуғыш машиналар жасалады, 530 жаңа жұмыс орны құрылады.
Сондай-ақ, арнайы кокс шығаратын заманауи зауыт іске қосылады. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна арнайы кокс өндірісін құрайды. Өнім кейіннен экспортқа шыға отырып, ERG кәсіпорындарының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қостанай облысында «СарыарқаАвтоПром» компаниясы Chevrolet Оnix автомобилдерін шағын тораптық әдіспен (CKD) өндіруді жоспарлап отыр, жылына 30 мың бірлік шығару жоспарлануда.
2023 жылдың соңына дейін іске асырылатын негізгі жобалардың ішінде келесілерді атап өтуге болады: «Қазхром» кәсіпорнының қожын қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасы пайдалануға берілді, өңдеу қуаты жылына 400 мың тоннаға дейін. Сондай-ақ Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты қосылды. Жетісу облысында Алмаз Керамикс (Diamond Ceramics) компаниясы керамикалық тақтайшалар өндірісін 3,5 млн шаршы метрге дейін кеңейтуде. Аталған өнім бойынша ел импортының 10%-ын жабады.
«Өңірлік бөліністе жобалардың ең көп саны Астана қаласында, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосылуда. Инвестиция көлемі бойынша көшбасшылар Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстары. Бұдан басқа, ең көп жобалар: Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау облыстарында пайдалануға берілді. 4 өңірде жобалар іске қосылмағанын атап өту керек. Жалпы аталған жұмыстар бойынша Министрлік жүйелі жұмысты жалғастыратын болады», — деді министр.
Өз кезегінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов өңдеу өнеркәсібі жобаларын мемлекеттік қолдау мақсатында Холдингтің компаниялар тобы 621,5 млрд теңге қаржы тартқанын атап өтті. Оның айтуынша, 459 млрд теңге республикалық бюджет қаражаты және 162,5 млрд теңге коммерциялық қаражат, оның ішінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы – 103,8 млрд теңге, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы – 482,2 млрд теңге және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ арқылы – 35 млрд теңге тартылған.
2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Холдингтің еншілес ұйымдары жалпы сомасы 468,4 млрд теңгеге 34 жобаны қаржыландырды, бұл машина жасау, құрылыс, химия, тамақ, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларына тиесілі. Қазақстанның даму банкі желісі бойынша 358 млрд теңге сомасына 17 жоба және Өнеркәсіпті дамыту қоры желісі бойынша 109,4 млрд теңге сомасына 16 жоба қаржыландырылды.
«Аграрлық несие корпорациясы желісі бойынша жеке қаражат есебінен 97 млн теңгеге 1 жоба қаржыландырылды.Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу секторын жедел дамытуға басты назар аударуды тапсырды. Осыған байланысты, Холдинг өзінің еншілес ұйымдарымен бірге өңдеу өнеркәсібінің жобаларына қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырады. Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстанның даму банкі 476 млрд теңгеге 20 жобаны, Өнеркәсіпті дамыту қоры 160,9 млрд теңгеге 14 жобаны, Аграрлық несие корпорациясы 2,7 млрд теңгеге 2 жобаны және QIC 8 млрд теңгеге 3 жобаны қаржыландыруды мақұлдады», — деді Н. Айдапкелов.
Жоғарыда айтылғандарға қоса,
- жалпы қаржыландыру сомасы 1,5 трлн теңгеге 42 жоба Қазақстанның даму банкінде;
- Өнеркәсіпті дамыту қорында жалпы қаржыландыру сомасы 266,2 млрд теңгеге 37 жоба;
- жалпы сомасы 41,4 млрд теңгеге 16 жоба QIC-де қарастырылуда.
Осылайша, өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша қойылған міндеттерді ескере келе, Холдинг алдында маңызды міндет туындап отыр, ол – жобаларды жаңа өсу нүктелерінде іске асыратын проактивті қаржы операторы ретінде қалыптасу міндеті тұр.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Өнеркәсіпті дамыту қоры Қазақстанның 4 өңірінде (Атырау, Шымкент, Семей және Қостанай) өз өкілдіктерін ашу жұмыстарын жүргізіп отыр.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, 2023 жылғы 8 айда өңдеу өнеркәсібіне инвестициялау көлемі 28,7 млрд теңгені құрады. Төмендеу, 2022 жылы «RG Processing» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алтын өндіру фабрикасы құны – 105 млрд теңге «SG Brick» кірпіш зауыты (құны – 27 млрд теңге) және «SG Beton» темір-бетон бұйымдарын шығару зауыты сияқты (құны – 15 млрд теңге) өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалар құрылысының аяқталуымен байланысты болды. Сонымен қатар жалпы инвестициялаудың оң серпіні байқалады, 2023 жылғы 8 айда 443,1 млрд теңге, яғни НКИ 127,6%-ға өсім көрсетіліп отыр. 2023 жылғы өңдеу өнеркәсібінің пулына 40,5 млрд теңгеге 9 жоба енгізілді (745 жұмыс орны). Оның ішінде, 28 млрд теңгеге 4 жоба іске қосылды (505 жұмыс орны). 12,5 млрд теңгеге қалған 5 жобаны іске қосу, осы жылдың соңына дейін кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ іске асыру және пысықтау сатысында бірқатар ірі жобалар бар. Олар: «Unicorn Holdings Ltd.» жеке компаниясының (65 млрд теңге) және «BIG FARM» (58,6 млрд теңге) екі ірі агроөнеркәсіп кешені, «Qazaq Diamonds Ltd» техникалық алмаз концентраты (11 млрд. тг.), «Sareco» электролитті марганец (2 этапа – 19,4 млрд теңге), «Целингормаш» металл құрылымдар (2,3 млрд теңге) өндірісі.
«Өңдеу өнеркәсібі жобаларының пулына 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы 499 млрд теңгеге 63 жоба қосылды. Жалпы, өңдеу өнеркәсібінде 805 кәсіпорын жұмыс істейді. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде саланың үлесі 78,8% құрайды, жалпы өңірлік өнімде – 27,7%. Жыл соңына дейін, «RG Processing» (Доре қорытпасы, 40 млрд тенге), «Kazakhaltyn Technology» (Доре қорытпасы, 1,8 есеге), «Макинск құс фабрикасы» (құс еті, 1,5 есеге) және басқа да ірі кәсіпорындарда өнеркәсіп көлемдерін арттыру есебінен, өсім сақталатын болады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді өңір басшысы.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірде өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіптегі үлесі 40,5% құрайтынын жеткізді.
Металлургия саласында өндіріс 368,2 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 150,9 млрд теңгеге төмендеді. Басты себеп: экологиялық меморандум аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының пештерін жөндеумен, рельстер өндірісінде Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жабдықтарды жаңғыртумен байланысты болды. Жаңғырту жұмыстарынан кейін рельстер өндірісі жыл соңына дейін 1,4 есеге артып, өңдеу өнеркәсібінің қосымша өсуіне мүмкіндік береді.
«Химия өнеркәсібінің төмендеуі Ақтөбе хром қосылыстары зауытының өніміне сұраныстың азаюына және тасымалдаудағы логистикалық тізбектердің өзгеруіне байланысты болды. Бүгінгі таңда хром қосылыстары зауытында жағдай тұрақты, жаңа нарықтар іздестіріліп келеді», – деді А. Шахаров.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі саласын бұдан әрі дамыту мақсатында облыс бойынша 2027 жылға дейін 9 мыңға жуық жұмыс орындарын құрумен 49 өзекті инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалардың іске асыру сатылары тұрақты бақылауда. Аталған жобалар уақтылы іске асырылған соң облыста өндіріс көлемі 1,5 есеге ұлғайып, жалпы өнеркәсіптегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін 40%-дан 60%-ға жеткізу көзделіп отыр.