Қазақстандық еркін күрес шеберлері лицензиялық әлем чемпионатына қатысады

16-24 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградта еркін күрестен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл дүниежүзілік дода 2024 жылғы Париж олимпиадасы алдындағы алғашқы лицензиялық турнир болмақ.

Еркікн күрестен Қазақстан құрамасы аталмыш жарысқа толық құрамда қатысады.

Атап айтқанда, мына балуандар ел намысын қорғайды:

Мейрамбек Қартбай (57 кг),

Өсімжан Дастанбек (61 кг),

Әділ Оспанов (65 кг),

Санжар Досжанов (70 кг),

Нұрқожа Қайпанов (74 кг),

Болат Сақаев (79 кг),

Азамат Дәулетбеков (86 кг),

Ризабек Айтмұхан (92 кг),

Әлішер Ерғали (97 кг),

Юсуп Батырмурзаев (125 кг).

Аталған балуандардың ішінен А.Дәулетбеков, Ә.Ерғали және Ю.Батырмурзаев Азия ойындарында да бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын балуандар анықталғанын жазған едік.