Малайзияда жеке ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Әуе кемесі Лангкави халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Шам Алам қаласының маңында апатқа ұшыраған.
Салдарынан 6 жолаушымен 2 экипаж мүшесі, сонымен қатар ұшақ құлаған елді мекеннің 2 тұрғыны қаза тапты.
Ақпаратты Малайзияның азаматтық авиация басқармасы растады.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша 14:08-де болған. Ұшақ Куала-Лумпурдегі Сұлтан Абдульазиз әуежайына бағыт алған.