Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады,-деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Президент Аустриямен және Венадағы салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.