eQonaq мобильді қосымшасы елге келетін қандастардың өтінім беруін жеңілдетеді

Еңбекминінің Көші-қон комитеті, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ өкілдері «eQonaq» ақпараттық жүйесі базасында «eQonaq – Kutty Meken» мобильдік қосымшасын іске қосуды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қосымша арқылы қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасын алуға болады.

«еQonaq» жүйесі шетел азаматтары болып табылатын этникалық қазақтардан өтінім беруді едәуір жеңілдетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Талқылау «Kazakh tourism» АҚ базасында өтті. Диалог барысында тараптар «eQonaq» және «Құтты мекен» ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мобильді қосымшаның прототипін тестілеу туралы келісті.