Шымкентте екі бүлдіршін 4-қабаттан құлап кетті

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалған екі бүлдіршін 4-қабаттан құлап кетті.

Алғашқы жағдай, Әл-Фараби ауданына қарасты №17 шағын ауданында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан бір жастағы бүлдіршін құлап, ауруханаға жеткізілді.

Ал, екінші оқиға Тұран ауданына қарасты Спорт шағын ауданында болды. Мұнда да 5 қабатты тұрғын үйдің 4 қабатынан 4 жастағы ер бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Қос бүлдіршіннің де жағдайы ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Жалпы жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлау жағдайы бойынга 6 факті тіркелді. Оның ішінде екі бала қайтыс болды. Барлық оқыс оқиғаларда бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеміз» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.