Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктінің ісі сотқа жолданды

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға апарып тастаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала тыңдау 2 тамыз сағат 16:00-ге белгіленген», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 12 сәуір сағат 08:40-те Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылған болатын.

1976 жылы туған, тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған әйелдің басы кесіп алынғаны белгілі болды.

Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен мәйіттің басы табылды.

Кейін 61 жастағы күдікті ер адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Күдікті жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болған, қылмыс жанжал кезінде жасалған.