Алматы халқының 42%-ы профилактикалық екпемен қамтылған

Жыл басынан бері Алматыда профилактикалық екпемен қамту 39,5 – 42% жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті.

«Жыл сайын қала профилактикалық екпемен қамтудың 95% дан астам көрсеткішін орындайды. Уақтылы иммундау вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін халық арасында иммундық қабат құруға мүмкіндік береді», – деді Әсел Қалықова.

Айтуынша, халықты вакцинациямен қамтудың жоғары көрсеткіштерімен ғана қоғамда ұжымдық иммунитет сақталады. Ұжымдық иммунитет вакцина салғызбағандардың үлесі артқан кезде бәсеңдейді.

«Халықты вакцинациямен барынша қамтудың тиімділігі вакцинациямен басқарылатын аурулардың көпжылдық динамикасымен дәлелденді. Мәселен, соңғы 20 жылда қызамық ауруының 3 мың есеге, паротитпен 140 еседен астам, «В» гепатитімен ауыру 40 есеге төмендеген. Соңғы жылдары елде сіреспені жұқтырудың жекелеген жағдайлары тіркелді, дифтерия (2009 жылдан), полиомиелит (1996 жылдан) жағдайлары тіркелмеді», – деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда Алматы қаласында вакциналар саны жеткілікті екенін тілге тиек етті.

«Бұл тиісті контингентке профилактикалық екпе жұмыстарын уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде бір жасқа дейінгі балалар, бұл қала халқы арасында инфекциялық-паразиттік сырқаттанушылық көрсеткішін төмендетуде»,- деді ол.