Қызылордада Qnet қаржы пирамидасын құрып, 46 млн теңгені жымқырған күдікті қамалды

«Qnet» қаржы пирамидасын Қызылорда облысы аумағында құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оған 38 адамды тартқан, келген залал көлемі – 46 млн теңге.

Соттың санкциясына сәйкес ол 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторында отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.