Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылып,орнына Динара Зәкиева тағайындалды.Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасы хабарлайды.
Айта кетейік,Динара Болатқызы өзінің еңбек жолын «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары ретінде бастаған болатын. (2004-2005жж.);
– Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі (ақпан – тамыз 2005 ж.);
– «Antarex» ЖШС негізін қалаушы, «Rafe» мейрамханалар желісі, Астана қаласы (ақпан 2006 ж.);
– Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, ҚР Президентінің Әкімшілігі (2007-2013 жж.);
– «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы (2011 ж.);
– «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары – партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі (2013-2015 жж.);
– Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры (2017-2019ж.);
– «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.);
– Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.).
2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.
«Құрмет» орденімен (2019 жыл), «АСТАНА 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2018 жыл) марапатталған.
Еске салайық, 47 жастағы Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.