Еркін күрестен Бішкекте өткен турнирде ел қоржынына бес медаль түсті

Қырғыстан астанасы Бішкек қаласында Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атында ұйымдастырылған еркін күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы өз парақшасында.

Сырбаз Талғат (70 келі) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке 3-2 есебімен есе жіберді. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі), Жігер Закиров (79 келі), Азамат Дəулетбеков (86 келі) қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған.