Солтүстік Қазақстан облысынан сенат депутаты болып Әсем Рахметова сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 2 маусымда парламент сенатының бос қалған мандаты үшін Солтүстік Қазақстан облысынан сайлау өтетінін хабарлаған еді.
Сондай-ақ ОСК СҚО-дан сенаты депутаттығына екі кандидат Рахметова Әсем Қалашбайқызы мен Қасенова Рауза Ивановна үміткер болып отырғанын мәлім еткен болатын.
Бүгін сайлау өтіп, дауыс берудің алдын ала нәтижелері шығарылған.
ОСК мәліметінше, сайлауға қатысқан 180 сайлаушының 134-і Amanat партиясының СҚО филиалындағы төрағасы Әсем Рахметоваға дауыс берген.