2023 жылдың басынан 716 нысан еQONAQ жүйесіне қосылды

Оның ішінде пәтерлер мен апартаменттер, қонақ үйлер және жалға берілетін үйлер бар. Сондай-ақ, eQonaq жүйесіне жатақханалар, сауықтыру орталықтары, кемпинг және туристік базалар кірді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«eQonaq жүйесі бірден бірнеше маңызды функцияларды орындайды. Мысалы, Қазақстанға келетін қонақтар ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. Басты мақсат – туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге көптеген нысандар қосылып жатыр. Сондықтан біз алға қойған міндеттерге біртіндеп жақындап келе жатырмыз деп айтуға болады», — деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

eQonaq жүйесі 2020 жылдың соңында іске қосылған. Осы уақыт ішінде оған 3214 заңды тұлға тіркелді.