Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында елордалық Санжар Досжанов (70 кг) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Ол финалда өзбекстандық Зафарбек Отакхоновты сенімді ұтты.
Жерлесіміз 1/8 айналымда оңтүстік кореялық Сук Хон Паркты таза ұтқан. Осыдан кейін қырғызстандық Орозобек Токтомбетовпен өте тартысты белдесу өтті.
Отандасымыз бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға шықты. Бұл сында Санжар ирандық Мортеза Хассанәліні сенімді түрде жеңді.
Айта кетейік, былтыр Моңғолияда өткен Азия чемпионатында осы салмақта күрескен ұлттық құрама өкілі Сырбаз Талғат қола медаль жеңіп алған болатын.