Жәмила Баттакова балаларды оңалтудың ұлттық орталығына Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Бүгін конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры Жәмила Еркінқызы Баттакова сайланды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Жәмила Еркінқызы еңбек жолын эндоскопист, кейін «Қарағанды облыстық көпсалалы емдеу-диагностикалық бірлестігі» КМКҚ эндоскопиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып бастады.

Ол Ол ҚР ДСМ-нің «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» РМҚК-ны басқарып, содан кейін ұзақ жылдар бойы ҚР ДСМ-нің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығын басқарды. Оның басшылығымен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілер, 300-ден астам ғылыми еңбектер және практикалық денсаулық сақтаудағы бай тәжірибе әзірленді.

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанның балаларды оңалту қызметінде еңбек етті, ҚР ДСМ-нің «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығын басқарып, онда өзін дағдарыс-менеджері ретінде көрсетті. Оның басшылығы кезеңінде орталықтың материалдық-техникалық базасы күшейтіліп, өңірлермен жұмыс жасалды. Кадрларды тарту, сондай-ақ оқыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.