Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша жағдай тұрақты. Су басу қаупі жоқ, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД ақпараты бойынша жедел штабтың шешіміне сәйкес соңғы 3 күнде қоңыраулардың болмауына байланысты «жедел желі» телефонының жұмысы тоқтатылды. Бұл ретте жедел штабтың жұмысы жалғасуда, тәулік бойы кезекші қызметтердің телефондары тұрақты жұмыс істейді.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап «жедел желі» телефонына тұрғындардан 200-ден астам қоңырау түсті. Жедел штаб Орал және Елек өзендері деңгейінің жай-күйіне мониторинг жүргізуде.
Аудан әкімдіктерінде су басқан тұрғын үйлерді санау, жергілікті атқарушы органдар тиісті көмек көрсету үшін материалдық залалды белгілеу бойынша жұмыс жүргізетін комиссиялар құрылды.