Абай облысы ПД бастығының орынбасары тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ПД бастығының орынбасары лауазымына бұрын Абай облысы ПД Семей қ.ПБ бастығы қызметін атқарған Ернар Мейрамбекұлы Базаров тағайындалды.

Полиция департаменті бастығының орынбасарын Абай облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан таныстырды.

Ернар Мейрамбекұлы Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.

2000-2012 жылдар аралығында Семей қалалық Ішкі істер басқармасында әртүрлі қызметтерді атқарған, соның ішінде тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болған.
2012 жылғы қарашадан 2018 жылғы ақпанға дейін Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде қызмет етті. 2018 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында Шығыс Қазақстан облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2018 жылдың 31 қазанынан бастап осы бөлімнің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 21 ақпанында Абай облысы ПД Семей қ.ПБ бастығы лауазымында сайланған.

Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан орынбасары Ернар Мейрамбекұлын жеке құрамға таныстыра отырып, алдына бірқатар міндеттер қойды.