Новак Джокович коронавирус жұқтырды

Әлемнің бірінші ракеткасы, серб теннисшісі Новак Джокович коронавирусты анықтайтын тест тапсырып, нәтижесі оң болып шықты. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Джоковичтің әйелі мен балалары да коронавирус бар-жоғын тексеретін тесттен өтті. Теннисшінің әйелінің де тесті оң нәтиже көрсетті, ал балалары тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты.

Спортшы 14 күндік оқшаулану режиміне көшкенін хабарлады.