Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Ерасыл Сәулебеков ауыр атлетикадан Мексикада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 67 келіге дейінгі салмағында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәулебеков екі жаттығу қорытындысы бойынша 281 (123+158) келіні еңсерді. Ал екінші орынды Алааддин Саин (Түркия) иеленді – 278 (121+157). Үздік үштікті польшалық Бартош Бурски түйіндеді – 269 (116+153).