Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 14-16 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстан аумағына батыстан келе жатқан антициклон біртіндеп ауыса бастайды.

«Антициклон оңтүстік жақтардан өтіп, нағыз жазғы ауа-райын әкеледі.

Кей аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірақ жоғары ауа температурасы сақталады. Тіпті солтүстік өңірдің тұрғындары да жаздың ыстық ауа райын сезіне алады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.