УЕФА Чемпиондар лигасының күнтізбесін бекітіп, қатысушы командаларды анықтады

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2022/23 маусымының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алдына ала іріктеу кезең 23-28 тамыз күндері өтсе, негізгі кезең 25-30 қазанға жоспарланған. Элиталы кезеңнің матчтары 22-27 күндері өтіп, «Төртеудің финалына» жолдама алатын командалары анықталады.

Жарыстың финалдық кезеңі келер жылы мамыр айында өтеді. Жартылай финал 4 не 5 мамырға, ал финал 6 не 7 мамырға бекітіледі.

Ресей клубтары халықаралық жарыстардан шеттетілгендіктен Хорватия 2022/23 маусымына екі командасын тіркеуге рұқсат алды.

Айта кетейік, Ресей жарыстардан шеттетілгендіктен УЕФА клубтар рейтингінде екінші орнынан айырылып, Қазақстан алдына тек Испанияны жіберді.

УЕФА Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын «Қайрат» пен «Аят» қорғайды.