Ақпан айының соңынан бері 42 мыңнан астам ресейлік қазақстандық ЖСН алды

Ал құжатты онлайн алу тоқтатылған уақыттан бері 2852 ресейлік ЖСН алған.

Ақпан айының соңынан бері 42,5 мыңнан астам ресейлік қазақстандық ЖСН алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 есе жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылдың 24 ақпанынан бүгінге дейін 42 506 ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алды. Өткен жылы осы уақыт аралығында Ресейдің 2 230 азаматы ЖСН алған болатын», – деп мәлімдеген Ішкі істер министрлігі LS порталына.

Осылайша, бұл көрсеткіш 19 еседен асып кеткен.

Министрлік сондай-ақ биыл Қазақстанға Ресей төлқұжатымен 400 мыңға жуық адам кіргенін және 580 мың адамның кеткенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп екенін мәлім етті.

«Бұған карантиннің әлсіреуі және сәуір айында құрлықтағы шекараның ашылуы себеп болып отыр. Бұрын тек ұшақпен ғана кіріп-шыға алатын. Келушілердің үштен екісі Қазақстанға құрлықтағы шекара бекеттері ашылғаннан кейін кірген. Елден кеткендерге қатысты үрдіс те осындай», – деп түсіндірді ІІМ.