Головкин — «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазы кіммен кездеседі?

Boxingnews24.com журналисі Адам Баскин америкалық боксшы Джермалл Чарло қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес трилогиясының жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Матей Сулецкимен жекпе-жектен кейін Чарло «Канело» — Головкин 3 жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін. 31 жастағы «Канело» осы желтоқсанда DAZN-мен бірге жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр. Егер ол Головкинді жеңсе, бұл Чарломен кездессетін ең ыңғайлы уақыт саналады.

Чарлоның бұрынғы WBO чемпионы (154 фунтта) Хайме Мунгиямен жекпе-жегі өтпей қалғаны ештеңе етпейді, өйткені бұл «Канело» — Головкин 3 кездесуінің жеңімпазымен жекпе-жек өткізгенге жетпейтіні анық», — деп жазды автор.