Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Енді елімізде қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қаржы пирамидасының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тиісті түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту, қаржы (инвестиция) пирамидасының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады.
Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тиісті түзетулер енгізілді.
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Юрий Лидің айтуынша, заң жобалары мыналарды көздейді:
  • қаржы (инвестициялық) пирамидасы схемаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін көтеру;
  • қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;
  • сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі үшін қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемаларын жарнамалау бойынша қылмыстық істер бойынша соттылығын анықтау;
  • қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықты ажырата білу;
  • жеке және заңды тұлғалардың ақшасын және өзге де мүлкін осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына тартуға байланысты жарнамалық қызметке тыйым салуды енгізу.

Осылайша түзетулер Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Жарнама туралы» заңға әсер етпек.

Басталған жинақы түзетулер мақсатты түрде азаматтардың мүліктік, мүліктік емес құқықтары мен активтерін қорғау деңгейін айтарлықтай арттыруға, қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемалар қызметіне тосқауыл қоюға, сонымен қатар қаржылық құқық бұзушылықтарды жасау кезінде құқық бұзушылардың әрекеттерін неғұрлым нақты саралауға мүмкіндік береді.Юрий Ли