Ильиннің ағасы Қызылорда облысында пара беру ісі бойынша сотталды

Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем және Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин ірі көлемде пара ұсынды деп сотталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильин пара берді деп айыпталып отыр. Бұл туралы Telegram-дағы zhest_kz_official парақшасында жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысында спорт саласындағы шенеуніктер жауапқа тартылғанын хабарлады. Оның ішінде бірнеше дүркін әлем чемпионы болған Илья Ильиннің туған ағасы да бар.

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа 5 миллион теңге айыппұл салынса, қалған 5 директорға 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін әртүрлі айыппұлдарға кесілді.

Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.