ҚР Премьер-Министрі «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Үкіметінің басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұражай кешенін аралау кезінде Әлихан Смайылов экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені Ақмол кентінде бұрынғы «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінің» орнында орналасқан.