Қазгидромет 28-30 мамырына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі биік циклон ықпалында болады. Ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 28 мамырда елдің солтүстігі, орталығы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында – қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады.
Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болады деп күтілуде.
Қазақстанның батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температураның жоғарылауы күтіледі.