Әлемде маймыл шешегі өршіп барады. Осы сәтке дейін жұқтырғандар саны 200-ге жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 100-ден астам адам ауырды деген күдікке ілінді. Қазір олар жан-жақты медициналық тексерістен өтіп жатыр. Жаңа мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратты. Ұлыбританияда 90, Испанияда 84, Канадада 26, АҚШ-та 9, Францияда 7, Италияда 6 науқас анықталған. Италияның Денсаулық сақтау министрлігі вирус үшін осал топтарға вакцина салынатынын жеткізді. Ал Канада үкіметі ауырған және күдік тудырған тұрғындарға бүгін екпе салуды бастайтынын хабарлады.