Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына таласуы мүмкін немесе жұдырықтаспай-ақ чемпионы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы сарапқа салынатын Деметриус Андраде-Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі 17 қарашаға дейін немесе қазақстандық боксшының кейінгі жекпе-жегінен кейінгі 18 күн ішінде өтуі керек. Бұл туралы Top Rank, Matchroom Boxing компанияларының хатында жазылған.
Егер Андраде бұл жекпе-жекке шықпаса, ол титулынан айырылып, белбеу Әлімханұлына өтеді.