Қосшы қаласында 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

Ақмола облысы Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.

Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, – деді ведомстводан.

Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.