Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» 24-26 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жария етті.

Екатеринбург аймағынан келетін циклонға байланысты атмосфералық фронттар республиканың көптеген аймақтарында күн райының тұрақсызданып, бұзылуына әкеледі.

Салдарынан жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді.

Бұршақ жаууы мүмкін.

Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі.

Үшінші күнге қарай елдің батысына және солтүстік-батыс антициклон тарайды.

Осылайша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді.

24 мамыр – түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамыр – батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болып, үсік жүруі мүмкін.