Маусым айында Магомед Адиев баптайтын Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының үшінші жарысына қатысады. Осы уақыт аралығында біздің құрама Әзербайжан, Словакия (2 рет) және Беларусь құрамаларымен ойнайды.
Оқу-жаттығу жиыны 24 мамыр күні Нұр-Сұлтанда басталады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ақтөбе»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев («Шахтер»), Талғат Көсепов («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы – «Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Айымбетов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»);
Жаттықтырушлар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Арслан Халимбеков – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Заур Нозадзе – сарапшы-бапкер.