Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.