«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19, 20 және 21 сәуірдегі ауа райы болжамын айтты.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестер жылдам ауысады деп болжанған. Осылайша, ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жауын-шашын, найзағай болып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар.
«Солтүстік-батыс антициклон әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді – түнде 3 градус суық – 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады деп болжанған», – делінген хабарламада.