Қорғаныс министрлігі Қазақстанда әскери парад неліктен болмайтынын түсіндірді

ҚР Қорғаныс министрлігі биыл Қазақстанда әскери парад неліктен болмайтынын түсіндірді. Оған себеп – бюджет қаражатын үнемдеу.

2022 жылы Қазақстанда әскери шеруді өткізу бюджетті үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған, делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұруға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындауға басымдық берілетінін» атап өтті.