Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Жапония спорт агенттінің арнайы уәкілі Кодзи Мурофусимен кездесті, сообщает Prosports.kz.
«Жапония спорт агенттігінің арнайы уәкілі Кодзи Мурофуси мырзамен кездескеніме қуаныштымын. Қонақжайлық пен барлық қолдауларыңыз үшін рақмет», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Кодзи Мурофуси – тоқпақ лақтыруға маманданған жапон жеңілатлеті. 2004 жылы Олимпиада чемпионы, 2011 жылы әлем чемпионы атанған.
Еске салайық, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) Геннадий Головкин жергілікті Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.