ДДСҰ: коронавирустан өлім көрсеткіші 43%-ке азайды

Коронавирустан өлім көрсеткіші 43%-ке, ал жұқтырғандар саны 16 %-ке азайды, деп хабарлайды «Хабар 24» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап.

Өткен аптамен салыстырғанда барлық өңірлер бойынша жағдайдың беті бері қараған. Әсіресе, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Америка өңірлерінде көрсеткіштер айтарлықтай төмендеген.

Ұйым мамандары алдағы уақытта covid-19 эволюциясы жалғасып, жаңа қосынды нұсқалары шығатынын болжап отыр.