Адам неге күні бойы шаршаңқы болып жүруі мүмкін?

Адам неге шаршаңқы болып жүреді? Одан құтылудың қандай амалдары бар? Tengrinews.kz тілшісі аллерголог-иммунолог Гүлназ Қизатқызымен сөйлесіп, осы сұрақтың жауабын білді.

Шаршаңқы болып жүрудің себептері қандай?

Маманның айтуынша, адам денсаулығында кінәрат болса, мысалы, жүрегі, бүйрегі ауырса, шаршаңқы болып жүреді. Ал денсаулығында  айтарлықтай мәселе жоқ, бірақ «таңертең тұруым қиын, күні бойы шаршап жүремін, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін энергиям бітіп қалады» дейтін адамдардың бұл күйінің негізгі себептері мынадай:

Бұл жағдаймен қалай күресу керек?

  1. Ұйқы режимін қалыпқа келтіру қажет. Сағат 22.00-ге дейін ұйықтау керек. Қараңғы бөлмеде ұйықтау мелатонин гормонының бөлінуіне ықпал етеді. Ал ол келесі күнге күш береді. Ол үшін блэкаут перделер іліп, көзге тағатын арнайы таңғышты қолдануға болады. Ұйықтауға 1 cағат қалғанда жасанды жарықтан бас тарту қажет. Соның ішінде ұялы телефонды да қолданбаған абзал.
  2. Не ішіп жүргенімізге қарау керек. Тәттілердің орнына құрамында табиғи майы бар өнімдерді және көкөністерді тұтыну қажет. Сонымен қатар, қолдың таза табиғи сары майы, жеміс-жидек, жұмыртқа сарысы да ағзаға ең қажет тағамдар. Дәл уақытында тамақ ішпеу – бұл проблеманың басты себебі. Сондықтан таңғы асты қалдырмау, түскі асты уақытында ішу, арасында жүрек жалғау, кешкі асты тым кеш ішпеу проблемаңызды шешуге көмектесуі мүмкін.
  3. Дәрігерге тексеріліп тұруды әдетке айналдыру керек. Ағзаға не жетіспейтінін, қандай дәрумендерді қолдану керегін анықтап алу қажет.
  4. Су балансын қамтамасыз ету керек. Өйткені ағзаның 60-65 пайызы судан тұрады.
  5. Үнемі қозғалыста болуды естен шығармау. Денені шынықтыру, күніне 10 000 қадам жүру өте пайдалы саналады. Бұл лимфалық жүйеге де оң әсер етеді.

Сондай-ақ, психологиялық тұрғыдан күйгелек, кез келген нәрсеге алаңдай беретін адамдар да тез шаршап қалады. Үнемі уайым үстінде жүру, асығыстық мәселені ушықтыра түседі. Бұл орайда таза ауада серуендеу, ұзақ  жаяу жүру, жақсы әуен тыңдау, кітап оқу, ұнайтын іспен айналысу, яғни қандай да бір жолмен ойды бөліп, демалу көмектеседі.