Қазақстан 21 елдің арасында дұрыс емес тамақтанудан 9-шы орында тұр

Қазақстан Орта Азия мен Еуропаның 21 елінің арасында дұрыс емес тамақтанудан 9-шы орында тұр. Бұл туралы Ажар Ғиният айтты.

«Халықтың тағамдық әдеттеріне қатысты 18 гр-ға тең тұзды тұтынудың жоғары деңгейін атап өткім келеді. ДДҰ ұсынған норма бойынша тәулігіне 5 гр. болу керек», – деді А.Ғиният.

2020 жылғы балалар арасындағы семіздікті эпидқадағалау деректері бойынша 6-9 жастағы балалардың шамамен 16,7% -ы күн сайын құрамында қант бар сусындарды ішеді.

6-9 жастағы балалар арасында артық салмақтың таралуы 20,6% құрайды: ұлдар арасында – 23,6%, қыздар арасында – 17,6%. Балалардың 6,6%-ы семіздікпен ауырады: оның ішінде ұлдар – 8,7%, қыздар – 4,6%.