Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды

Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды.  Бұл туралы «Хабар» агенттігінің Басқарма Төрағасы Берік Уәли мәлім етті.
«Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды. Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! “Хабардың” дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!», делінген жазбада.