IV Aзия Паралимпиада ойындары Бахрейнде өтеді

Азия паралимпиадалық комитеті (APC) төртінші жастар арасындағы Пара Азия ойындарының өтетін күні мен орнын жариялады, деп хабарлайды Хабар24

Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық комитеті 2021 жылғы ойындар 1-10 желтоқсанда Бахрейнде өтетінін хабарлады. Турнирге 20 жасқа дейінгі 800 спортшы 9 спорт түрінен қатысады.

Оған Қазақстаннан 6 спорт түрінен 30 шақты спортшы қатысады: жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, таэквондо, гольфбол