«Нокаутпен жеңемін». GGG алдағы жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин(41-1-1, 36 КО) WBA чемпионы жапониялық Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы кездесу нәтижесіне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

«Жапония мен кәсіпқой бокста жұдырықтасқалы отырған тоғызыншы ел болмақ. Мүмкіндігінше әлем чемпиондары бүкіл әлемде жекпе-жек өткізуі керек деп ойлаймын. Жапон боксының жанкүйерлері керемет, бұл ұмытылмас тәжірибе болады. Ал егер бұл сізді ынталандырмаса, онда оның мәні неде?

Артымда қалдырған ізім үшін мақтанамын. Бұл өмір бойы қажырлы еңбек пен тәртіптің көрінісі. Бұл жекпе-жек стилі маған ыңғайлы. Рингке екі боксшы шыққанда, әдетте стильдер қақтығысы болады. Нокаутпен жеңемін деп батыл болжам жасаймын. Жапон жанкүйерлерінің көңілін қалдырмау үшін бар күшімді саламын», – деді Головкин JiJi Press-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин мен Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде жапониялық Сайтамада өтеді.