Бүгін Ақтөбе қаласының әуежайы жұмысын қайта бастайды

 Ертең Ақтөбе қаласының әуежайы жұмысын қайта бастайды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің шешіміне сәйкес Ақтөбе әуежайы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап жұмысын қайта бастайды.

«Бұрын орындалатын барлық ішкі және халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Әуе билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру бойынша барлық мәселелер бойынша оларды сатып алған жерге хабарласу қажет екенін естеріңізге саламыз», – деп жазылған әуежайдың Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада биыл Ақтөбеден жаңа әуе бағыттарын ашу жалғасатыны айтылған.