Головкин қандай жағдайда карьерасын аяқтауы мүмкін?

Boxingnews24.com журналисі Джим Кальфа қазақстандық боксшы Геннадий Головкин биыл қандай жағдайда карьерасын аяқтауы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz

Журналист пікірінше, Геннадий 9 сәуірде жапониялық Риота Муратадан жеңіліп қалса, GGG кәсіпқой рингтен кетуі ықтимал.

«Егер Головкин Муратадан жеңілсе, ол карьерасын аяқтайтын шығар, себебі бұл шаршағанын көрсетеді. Геннадий Муратадан жеңілсе, Канеломен үшінші жекпе-жек болмайды, ал бұл GGG-ге көп ақша әкелетін кездесу.

Головкин WBC чемпионы Джермалл Чарло немесе WBО титулының иегері Деметриус Андрадемен жұдырықтасқысы келсе де, Муратадан жеңілсе, карьерасын жалғастырудың мәні жоқ. Геннадий Риотаны жеңбесе, бәрі бітті деген сөз», — деп жазылған мақалада.