Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтылған саяси өзгерістерді жасау үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет екенін айтты.
«Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек», деді Мемлекет басшысы.