Жезқазған облысының аумағынан Ұлытау облысы құрылады

Мемлекет басшысы бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажеттігін айтты.

«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.