«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Криштиану Роналду гол соғу көрсеткіші бойынша чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицанның рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англия чемпионатының 29-туры аясында лондондық «Тоттенхэмге» қарсы ойында португалиялық шабуылшы хет-трик жасады. Қазір оның еншісінде 806 гол бар (клубта 691, ұлттық құрамада 115).
Айта кетейік, көптеген статистикалық ресурс, соның ішінде Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) және Спорт статистикасы қорының (RSSSF) есебінше Бицан мансабында 805 гол соққан. Бірақ Чехия футбол қауымдастығы Битсанның ресми матчтарда 821 гол соққанын алға тартады.