Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Парабиатлоннан ерлер арасында тұрып, 10 шақырымға жарысу аяқталды. 28 жастағы қазақстандық Александр Герлиц қола медаль иеленді.
Бұл жарыста канадалық спортшы Марк Арендз алтын медаль жеңіп алды, оның уақыты – 31:45.2. Ал күміс медаль Григорий Вовчинскийге (32:42.2) бұйырды.
Қысқы Паралимпиада ойындары-2022. Бейжің (Қытай)
Парабиатлон. Ерлер. Тұрып 10 шақырымға жарысу
- Марк Арендз (Канада) – 31:45.2 (0)
- Григорий Вовчинский (Украина) – +32.8 (1)
- Александр Герлиц (Қазақстан) – +1:21.3 (3)