Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 6 наурызда қазақстандық 2 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың алғашқы күнінде жарыс жолына пара биатлоншылар шығады.
Айта кетсек, сағат 8.00-де Сергей Усольцев отырып сырғанаудан 6 шақырым қашықтықта бәсекеге түседі. Ал сағат 10.00-де түрегеп сырғанауда Александр Герлиц 6 шақырымдық жарысқа шығады.
Бұдан кейін қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.
Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлицтен өзге Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғайды.
Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. 1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алса, 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.